Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды

16.05.2024, 18:59
802
Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды бейнежазбадан алынған кадр

Ол бұған дейін үш көлікті айдап кетіп, төрт рет тонау қылмысын жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының полицейлері мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны үш көлікті айдап кеткен және төрт рет тонау қылмысын жасаған. Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, күдікті мешіттерде ұялы телефондарды жасырын түрде алып жүрсе, қаланың төменгі бөлігінде бөтен адамдардың көліктерін ұрлаған.

– Қаскөй Алматы маңындағы компьютерлік клубтардың бірінде ұсталды. Ол ұрлаған көліктер табылды және иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеудің осы сатысында күдіктінің жеті қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды