2386

«555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевқа арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

«555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отбасылық мұрағаттан алынған кадрлар мен тележүргізушінің әсерлі сөздері көпшілікті жүрегін елжіретті. 

“555 күн өтті… Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір "әттеген-ай". Қолдауың бізге жетпей жүр”, – деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызының оқырмандары мен өнердегі әріптестері Қайрат Беркінбаевтың жақсы, жүзі жылы азамат болғанын жазып, басу айтты. 

“Қайрекеңнің жаны жәннатта шалқысын. Саған деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын… Нағыз аззамат еді”, “Қандай жақсы адам болғаны жүзінен көрініп тұр”, “Алла сабыр берсін! Өшпейтін өкініш”, “Күндер өте береді. Тірі адам тіршілігін жасайды. Ұлдарың, анашың, бауырларың аман болсын”, – деп жұбатты тілекші жандар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор