5639

Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Видеоны TikTok желісіне rasaitam.kz есімді қолданушы жариялаған.

Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Видеоны TikTok желісіне rasaitam.kz есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазба желі қолданушыларының арасында кең танымалдылыққа ие болды. 22 мыңға жуық ұнату белгісі басылып, 1 000-нан астам пікір жазылған. 

"Қазақстандық суретші Салтанат Нүкенованың суретін кілемге салды", – деп жазылған.

Айта кетейік, әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор