1073

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтемақы төленді.

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында хабарлаған. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді.

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісім шартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

Өтемақы
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

«Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады», — деді Жұмабек Қаражанов. 

Сондай ақ, ол тұрғындарға үйді апатты деп тану кезінде, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат беріп өтті.

Еске сала кетейік, Құлсары қаласында 150 үйдің құрылысы басталады. 

Материал авторы