951

Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды

Кішкентайды үй іші екі күн іздеген.

Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі күн іздеген 3 жасар Асылымның денесі көршісінің әжетханасынан табылды. Бұл туралы журналист Батыржан Ибрагим желідегі парақшасында жазды.

Бүлдіршін Түркістан облысы Сіргелі ауылында екі күн бұрын жоғалған болатын. Ауыл адамдарының оны іздемеген жері қалмады. 

"3 жасар Асылым сағат 22:50 шамасында көршісінің үйінің әжетханасынан табылды. Ата-анасы, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды ол.

Айтуынша, шүйдесінен қатты соққы алыпты. 

Материал авторы