Алматыда жедел жәрдем қызметкерін ұрған адамдардың үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)

22.05.2024, 15:40
934
Алматыда жедел жәрдем қызметкерін ұрған адамдардың үстінен іс қозғалды (ВИДЕО) Бейнежазбадан

Алматыда шақыртуға келген жедел жәрдем қызметкерлерін үй иесі ұрып, пәтерінен шығармай қойған.

Фельдшер болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларда бөліскен. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 мамыр күні таңғы уақытта болған. Шақыртуға барған ақ халаттылар науқастың жағдайын тексеріп, ауруханаға барудың қажеті жоқ екенін түсіндірген.

Алайда мас күйде болған үй иесі пәтерінің есігін іштен құлыптап, жедел жәрдем қызметкерлеріне қол жұмсаған.

- 21 мамыр күні сағат 07:23 шамасында 103-ке шақыру келіп түскен және ол бойынша №4 қосалқы станцияның жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Бригада қызметкерлерінің айтуынша, фельдшерлер екі күн бұрын қолынан жарақат алған науқасты тексеріп, оған шұғыл түрде ауруханаға жатудың қажеті жоқ екенін айтқан. Алайда бұл ескертуге пәтерде болған өзге тұлға көнбей, бригада қызметкерлерін балағаттап, қол жұмсаған. Сонымен қатар пәтердегі адамдар есікті кілттеп, фельдшерлерді үйден шығармады. Оқиға орнына 102 арқылы патруль шақырылды, содан кейін ғана медицина қызметкерлері пәтерден шыға алды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына шағым жазылды, – деп хабаралды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша 3 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Полиция қызметкерлері үш құқық бұзушыға қатысты ұрып-соғу, спирттік ішімдіктерді ішу, тыныштықты бұзу және тіркеусіз тұру фактілері бойынша іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп хабарлады Полиция депаратаментінен.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды