«Маған 7 миллион теңге несие алдырып үйленген»: Шымкентте жігіт қызды алдап кеткен

27.05.2024, 14:55
677
«Маған 7 миллион теңге несие алдырып үйленген»: Шымкентте жігіт қызды алдап кеткен canva.com

Заңгер, «Human Rights Lawyers» ҚҚ басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты жариялады.

Хатта үйленуге ұсыныс жасаған жігітіне сеніп, 7 миллион теңге несие алып беріп, алданып қалған қыздың оқиғасы жазылған. Бұл туралы Халық үні сайты хабарлады.

«Менің жасым қәзір 30-дан асты. Әкем анамды өмір бойы құл сияқты егіндікке жұмысқа салып, ұрып келді. Біз үйде бес ағайындымыз. Мен сабақты жақсы оқып, грантпен оқуға түстім, Қытай елінде білім алып келдім. Бала кезден егінге жұмысқа салды әкеміз, таңнан кешке дейін анам бәріміз жұмыстан көзімізді ашпадық. Әкем өте қатыгез, тиран адам. Осыдан 5 жыл бұрын анам шыдай алмай одан кетті, себебі біз балалар ары қарай бұндай әкемен тұрудың керегі жоқ деп шештік. Мен енді оқуымды бітіріп, жұмысқа орналасқан болатынмын. Бүкіл ауыртпашылық менің мойныма түсті. Пәтер жалдап Алматыда тұрдық. Інілерім мектепте оқиды, анам депрессияға түсіп кетті. Өмір бойы тапқан ақшасынан бір тиында, дүниеде бермеді әкем. Өмірді 5 баламен қайтадан бастау өте қиынға соқты. Менің тапқан айлығымызға күн көрдік. Мен депрресияға түссем де, анама көрсетпедім. Туыстар анама «қаңғымай күйеуіңмен қосыл» деді, «ұрса да соқса да өмір сүр, шыда» деді», - деп жазған ол.

Біршама уақыт өткен соң бойжеткеннің жұмыс орнына жаңа қызметкер келген.

«Уақыт солай өтіп жатқанда менің жұмысыма шымкенттік бойы ұзын, әдемі келген бір жігіт жұмысқа орналысты. Сол жігітке мен жұмыстарды түсіндіріп, не істеу керек екенін айтып, дос болып араласа бастадық, ол сондай жанашыр болып көрінді маған. Мен оған отбасымызда болған жағдайды айтып, жылап алатын күндерім болған. Біраз уақыт өткен соң ол жігіт мені ұнатып қалғанын айтып, мені үйге шығарып салып, қыдыртып, гүлін әкеліп көңіл бөле бастады. Маған да ол жігіт ұнап қалды. Бірақ мені қатал тәрбиеден шыққан соң төсек қатынасына оны жолатпадым, тек тойымыз болған күні ғана келісетінімді айттым. Жігіт басында ренжіді, бірақ түсінікпен қарап, бір күні маған сақинасын әкеліп ұсыныс жасады. Менің қуанышымда шек жоқ, бақыттан басым айналып, осындай талай қыздың арманы деген жігіт маған көңіл бөліп, үйленуге ұсыныс жасағанына қатты қуандым. Қасымдағы жан дос қызыммен араласуға уақыт таппадым. Бір күні жігітім тауға шығайық деді. Мен жан досыма Айжанға айттым жүр тауға бірге барайық мен жігітіммен таныстырамын деп. Жігітіме Айжан досым ұнамады , себебі оның сұрағы көп еді. Жігітім ол сұрақтарды ұнатпады. Сол кездесуде жан досым «мына жігіт біртүрлі, байқашы» деді. Мен оған мән бермедім. Бақыттан басым айналып, жігітім екеуміз болашаққа жоспарлар жасап, кішігірім кәсіп ашамыз деп армандарымызды айтып жүрдік», - деп жазған ол.

Кейінірек жігіт кәсіп ашуға қаражат жетпей тұрғанын айтып, қалыңдығынан несие алып беруін өтінеді. 

«Бір күні жігітім «мен кәсіп ашуға 2 миллион несие алдым, бірақ жетпей тұр, қазір банкке бара жатырмын, «қасымда жүрші» деп мені бірге ертіп барды. Ойымда түк жоқ, қасында отырмын, банк менеджері «сізге несие алуға рұқсат жоқ» деді.. Сосын жігітім маған қарап «мүмкін саған беретін шығар, көрші» деді, «ақшаны өзім жауып отырамын ай сайын» деді. Мен ойланбай жеке куәлігімді алып оның қолына ұстаттым. Маған 7 миллион теңге несие берілетін болды, айлығым жақсы еді. Жігітім қуанып «енді екеуіміздің өз жеке кәсібіміз болады» деді. Мен де мәзбін, сосын ақшаны алып жұмыс жаққа кеттік, жолда «жұмыста ақшаны жоғалтып аласың, маған бере тұр, тығып қояйын» деді. Менің ойыма арам ой да келген жоқ, қолымда сақинасы тұр, үйленемін деп тұрған адамға қалай сенбеймін? Жарайды деп 7 миллион теңгені бердім…
Содан 2-3 күннен кейін «мен кәсіп бастауым керек» деп телефон арқылы хабарласып жүрді, «тездетіп ақшаны құямын, уақытты өткізбейік» деп. Мен мәз болп «иә, сен ер адамсың ғой бастай бер» дедім. Уақыты жоқ шығар деп хабарласпай кеткен күндеріне мән бермедім, бір айдан кейін жігітім мүлде жоғалды!», - деп жазған ол.

Бір айдан соң жігіттің үйленген, отбасылы ер адам екені белгілі болады.

«Содан 1 айдан кейін жігітім мүлде телефонын өшіріп тастады. Бір күні ойымда түк жоқ, жұмыста жүрсем, жұмыстағылар менің жігітімнің үйленіп жатқанын көреді. Жұмыстағылар оның парақшасынан тойханада дүркіретіп той жасап жатқанын маған көрсетеді. Мен түсінбей таңғалып, сол жерде отырып қалдым. Біраз уақыт өз-өзіме келе алмай, жыладым, өлгім келді. Кімге айтарымды білмедім, не айтарымды білмеймін, біреу жүрегіме пышақты сұғып алғандай жағдайда болдым.
Ол жігіт менімен кездесіп жүргенде бір қыз қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алатын ..
«Ол кім?» деп жігіттен сұрағанда «қарындасым ғой, күнде ақша сұрап мазамды алады, қазір мен сыртқа шығып сөйлесіп келейін» дейтін. Сол қыз бір қоймай қоңырау шалғанда жігітім сыртта жұмысшылармен сөйлесіп жүрген, мен «осы қарындасының нөмірін сақтап қояйын» деп фотоға түсіріп қойдым. «Кейін танысармыз» деп.
Содан не керек жігіт мені алдағанын түсіндім. Сол тойға жұмыстан бір жұмыскеріміз барып қайтыпты, содан бұл жігіт туралы ақырын сұрадым. Ол жігіт біздің компанияға орналасқанда қалыңдығы болған, ол ұзату тойын жасаған да жігіттің үйінде ата-анасымен тұра бастаған. Жігіт тойға ақшасы болмай Алматыға 1-2 ай жұмысқа келген екен, той жасауға біраз ақша табу үшін. Содан біздің компанияға жұмысшы болып кірген, ары қарай менімен танысып, менің аңқаулығымды пайдаланып, 7 миллион теңге несиені тойға жұмсайды. Мен той өткен соң қоңырау шалып, «мынау не? Ақшамды қайтар» дедім, содан жігіт «сен кімсің? Мен сені танымаймын, аферист» деп аузына келгенін айтты. «Егер мені сотқа берсең, менің қайын атам полковник, өзіңді соттатамын, енді мені мазалама» деп қоңырауды өшіріп тастады!
Мен сол күні «адвокат жалдайын ба? Не істеймін?» деп миым қатты. Содан жан досыма қоқырау шалып, болған жағдайды айттым.  Ол да «сол жігіт маған ұнамап еді, бір көргеннен альфонс екенін байқап едім» деді. Мен қателскенімді айтып, кеңес сұрап едім. Ол қыздың бұлай жүруге болмайтынын айтты, «сотқа бер» деді. Содан заңгерлерге қоңырау шалып, кеңес алдым, сотқа арыз жазып, адвокат жалдап, алдында сақтап қойған номерді бердім. «Соның қарындасының нөмірі, жігітті таппасаңдар, осы нөмірге қоңырау шалыңдар» дедім. Кейін адвокатым ол оның әйелі екенін айтады, ол әйеліне бүкіл болған жағдайды айтып береді», - деп жазған хат иесі.

Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай?