Атыраудағы май ауыстыру орталығында Газель өртеніп кетті

28.05.2024, 10:48
680
Атыраудағы май ауыстыру орталығында Газель өртеніп кетті Атырау облыстық ТЖД

Атыраудағы май ауыстыру орталығында ГАЗель жүк көлігі өртеніп кетті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт туралы бүгін, 27 мамыр сағат 11:10-де хабар берілген.

«Атырау қаласының Мирас шағын ауданында орналасқан май ауыстыру орталығының алдында ГАЗель маркалы жүк көлігі өртенді. Көліктің иесі 1982 жылғы жүргізуші өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінді. Құтқарушылар көлік өртін сағат 11:21-де оқшаулап, толықтай сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жүк көлігін шарпыған өртті сөндіруге Атырау қаласындағы №14-өрт сөндіру бөлімінің 6 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды. Әзірге көлік өртінің тұтану себебі белгісіз болып отыр. Құтқарушылар жалынның шығу себебін анықтауға кірісті.

«Жүргізушілерден автокөліктегі өрт ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өрт өкінішке ұласар тосын жайтқа ұласуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады