"Мотоциклден құлатып, басынан басып өлтірді". Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлады

29.05.2024, 15:58
1032
"Мотоциклден құлатып, басынан басып өлтірді". Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлады Бейнежазбадан

Олар құқық қорғаушылар жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Жанаргүл Шүренбай әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Ол мотоцикл тізгінінде болған 17 жастағы ұлын полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен қуып, басып өлтіргенін айтады.

Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды, деп хабарлайды Aikyn.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 25 сәуірде түс кезінде болған. Мотоцикл тізгініндегі жасөспірім оқиға орнында қаза табады. Оның қасындағы жолаушы дін аман. Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Патрульдік көлікті басқарған полиция қызметкері жұмыстан қуылған.

"Соталды тергеу амалдарын Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Жол апатына қатысты екі полиция қызметкерінің көлік жүргізген қызметкері қызметтік теріс себептермен жұмыстан босатылды. Оның жанындағы қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды", – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды