«Орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды»: Роза Әшірбаева имам Нұрсұлтан Рысмағамбетке шүйлікті

29.05.2024, 16:31
830
«Орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды»: Роза Әшірбаева имам Нұрсұлтан Рысмағамбетке шүйлікті kznews.kz

Танымал коуч-эксперт Роза Әшірбаева орамал тақпағаны үшін зорлыққа ұшырайды деп уағыз айтқан имам Нұрсұлтан Рысмағамбет жауап берді.

Имамның сөзінше, зорлыққа ұшырайтын қыздар ашық-шашық киінген. Орамалды қыздар ғана әурет жерлерін жабатын болғандықтан, оларға қауіп жоқ көрінеді.

Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қоғамда әйелді де, баланы да, қартты, жануарды да, өлікті де, тіпті еркекті де зорлайтын — еркек! Зорлайтын адамға себеп керек емес, «таяқтың екі ұшы бар», «себеп бар», «не в том месте, не в той одежде, не в то время» дейтіндердің ойы бойынша мәйітханадағы өлі әйел қандай себеп туғызды екен деп сұрағым келеді. Өліп қалғаны себеп па? Ұялсаңыздар етті… Мешіттерге барып, уағыз, дәріс тыңдайтындар бәрі — еркек, ал оларға ұстаздар Пайғамбарымыздың (с.а.с) Сирасын тәпсірлеп отырып: «орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды» — деп отырғаны қалай? Мешіттер мен медреселерге дәріс тыңдауға келіп отырған ер азаматтарға зорлықты, қатыгездікті, сөгуді, әйелдерді киіміне қарай дискриминация жасауды үйретіп отыратын мекеме ме?”, – деп жазды коуч.

Сондай-ақ, Роза коуч мұндай имамдарға қатысты шара қолдануын сұрап, ҚМДБ басшысы, бас муфтиі Наурызбай Қажыға, ҚМБД Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Батыржан Мансұровқа, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің басшысы Ержан Нүкеновке үндеу жасады.

«Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ, қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек» деген Мемлекет басшысының талабына қарсы жұмыс істейтін имамдарға шара бар ма?» – деп наразылық білдірді психолог.

Айгүл Иманбаева Мадрид пен Парижде жеке ән кешін бермек (ФОТО) «Ғашық боп қалдым»: Индира Расылхан тұрмысқа шыққалы жатыр Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды Павлодарлық әйел 4 айлық сәбиін аяусыз ұрып тастаған Бішкекте Ресей атынан соғысуға әскер жинаған күдіктілер үйқамаққа шығарылған «Баламыз болады»: әзілкеш Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО) Трамптың билікке келгеніне – 100 күн: АҚШ пен әлемде не өзгерді? «Мылтығым болғанда, Шерзатты қорғайтын едім!»: марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабын прокурор оқып берді «Маникюрден шыққан»: теміржол станциясының маңынан зейнеткердің мәйіті табылды Мемлекет пәтер сыйлаған жас жігіт жатын бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойды (ВИДЕО) Трамп: Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын Ақтауда далаға кір жайған тұрғын жазаланды (ВИДЕО) 17 жылға сотталған бұрынғы Атырау әкімі Бергей Рысқалиев сакура тамашалап жүр (ВИДЕО) «Сипалады»: Семейде мұғалім оқушы қыздарға қол жүгірткен (ВИДЕО) «Нұрғанат бізге қаратып оқ атты»: екінші куәгер қыз жауап берді Шерзаттың өліміне куәгерлер: «Абзал «ешнәрсе айтпаңдар, бұл біздің «тема» деді» Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын үйі халықтың қажетіне жарайтын болды Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде өрт қаупі сақталады 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Димаш Құдайбергеннің қарындасы сырғалым атанды