Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

30.05.2024, 12:10
543
Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды Анастасия Заворотнюк/Instagram

Ресейлік кино және театр актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк 53 жасында өмірден өтті.

Бұл жайында әртістің жақындары оның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Құрметті достар! Бұл жағдайды түсіну және дұрыс сөз табудың өзі өте қиын. Бүгін түнде ұзаққа созылған ауыр науқастан біздің Настяның өмірі үзілді. Оған шын жүректен жақсылық тілеп, сауығып кетуіне тілектес болған, жылы сөзін аямаған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз. Настя сіздердің қолдауыңызды әрқашан сезініп, бағалай білді. Қоштасу орны мен уақытын кешке хабарлаймыз» делінген актрисаның Instagramпарақшасында.

Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астрахан қаласында дүниеге келген.  

2019 жылдан бері киноға түсуді тоқтатып, ми ісігімен (глиобластома) күресті. 

Қазақстандық көрерменге «Менің сүйікті күтушім» сериалы арқылы кеңінен танылған. 

«Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр