Алматыда жігітті соққыға жыққан қыздар одан кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
31.05.2024, 19:17
1100
Алматыда жігітті соққыға жыққан қыздар одан кешірім сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Алматылық қыздардың жігітті ұрып-соққаны түсірілген видео TikTok желісінде тарады. Артынша екі қыз бен жігіт жәбірленуші достарынан кешірім сұраған видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қыздар жігітті ұрып-соғып, видеоны TikTok желісінде жариялаған (қазір аккаунт жабық).

"Марат, сенен және сенің отбасыңнан шынайы кешірім сұраймыз. Біздің адам түршігерлік қылығымызды кешіріңіздерші. Енді бұндай қайталанбайды", – делінген түлектердің видеоүндеуінде. 

Видеодан қастарында тағы бір жігіт тұрғанын байқауға болады. Ол да жәбірленушіні келемеждеп, мазақ етуге көмектескен сияқты.

"Бұл жерден қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған күш қолдануды көремін. Қарапайым тілмен айтқанда – бұзақылық" деп жазды журналист бұған дейінгі жазбасында.

Айтуынша, замандастарын қорлаған үш мектеп бітірушіге қатысты 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Айыппұл төлеу немесе қоғамдық жұмысқа тарту жазасы да тағайындалуы мүмкін. Екі жақ тарап татуласып, келісімге келуі де ықтимал.

Алматы полиция департаменті видеодағы кәмелетке толмағандарды анықтап, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Тергеу шаралары басталды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды