894

Атырауда жаңа туған нәрестелерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылды

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғаннан бері 1846 сәбидің өмірге келгенін мәлімдеді.

Атырауда жаңа туған нәрестелерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылды
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбилердің арасында 961 ұл, 885 қыз бар. 

Облыстық азаматтық хал актілерді тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова атыраулық бір отбасы тұңғыш балаларын Тасқынби деген есіммен атауды құп көргендерін айтады.

"Атырауда бір отбасы дүниеге келген тұңғыш ұлын Тасқынби есімімен атауды жөн көріп отыр. Ал Индер ауданындағы сәбидің біріне Тасқынбек есімі қойылды. Бұл – отбасындағы сегізінші бала", - дейді облыстық азаматтық хал актілерді тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова. 

Айта кетейік, екі ұл да бір күнде өмірге келген. Нәрестелердің туған күні – 29 сәуір. 

Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, шаһарда Мұхаммад есімі көп берілген. Жыл басынан бері 32 сәби аталған есімді иеленіп отыр. Ал, 19 балаға Хамза, 15 ұлға Айсұлтан есімімен туу туралы куәлік алынған.

Материал авторы