Әкем анамды ұрып өлтіре ме деп қорқамын: жас жігіт елден көмек сұрады

Аиса Махамбет Редактор
02.06.2024, 17:55
1357
Әкем анамды ұрып өлтіре ме деп қорқамын: жас жігіт елден көмек сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Оның сөзіне қарағанда, мас күйдегі әкесі анасын соққыға жығуын тоқтатар емес.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жас жігіт анасы үшін елден жанұшыра көмек сұрады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

«Әкем ішіп алып анамды түн ортасында қуалап сабап, мүгедек қылуға дейін апарған. Бала кезімде мені аямай ұрып, психологиялық соққы жасаған. Бала үшін анадан артық адам жоқ. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала күнімде анам екеумізді кезек-кезегімен ұратын. Жасы 50-ге келсе де анамды ұруын тоқтатар емес.

Әкем лайықты жазасын алса екен. Полицияға тапсырғанымызбен екі сағаттан кейін, еш нәрсе болмаған сияқты босатып жібереді»,  – дейді ол Instagram желісіндегі Abdulla_kz парақшасында.

Сөз арасында ол Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полициясына арыз жазып жатқанын айтты. Айтуынша, полиция қызметкерлері адамды ұрып-соққаны үшін соттамайды.

«Адамды ұрып-соққанда жарақаты қаншалықты ауыр болады, сол кезде ғана жазасы қатты болады. Ал жай ұрса, жазасы да жеңіл болады екен. Мені осылай деп шығарып салды. Мұнайлы ауданының соты ешқандай жұмыс істемейді.

Қазір жұмысыммен басқа қалаға кетіп қалсам, анамды ұрып, өлтіріп тастай ма деп қорқамын. Мақсатым – әкемді түрмеге қамату. Себебі  ол лайықты жазасын алуы керек. Мұндай тирандарды қоғамнан ажырату қажет. Ол бізбен ғана көшеде кетіп бара жатқандармен де, көршілерімізбен де қырылған. Анамды түнде тұншықтырып, өлтіріп тастауға дейін барды. Таңертең әкем еш нәрсе білмеймін, есімді білмеймін деп кешірім сұрап отыр», – дейді жас жігіт.

 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды