«Жүрегі жылап тұр»: ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың видеосы әп сәтте танымал болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
02.06.2024, 20:37
651
«Жүрегі жылап тұр»: ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың видеосы әп сәтте танымал болды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жақындары ант қабылдауға келмеген жас сарбаздың видеосы көпшіліктің көңілін босатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған сарбаздың видеосы желіде көп адам пікір қалдырып жатыр. Бұл туралы Лада.кз жазды.

Видеоны Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің басшысы майор Нұрбол Шалабаев түсірген. Бейнероликтің кейіпкері әскери қызметші Александр Землянкин. Ол 1 маусымда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Өкінішке қарай, туыстары салтанатты шараға келе алмапты. Майордың сұрағына сарбаз көңілін қалдырмай, әскери тәртіппен жауап берді.

Александр Щучинск қаласының тумасы. Мерзімді әскери қызметін Маңғыстау облысында атқарады.

Лада.кз басылымы сарбаздың анасымен сөйлескен. Ол ұлын жалғыз тәрбиелеп өсіргені белгілі болды. Александрдан басқа кәмелетке толмаған екі қызын тәрбиелеп отыр. Жалғыз әйел отбасын асырау үшін жұмыс істеп, Ақтауға жете алмаған. 

Александрдың анасы ұлының Көкшетауда аспазшы болып оқығанын, бірақ биыл әскерге баруға шешім қабылдағанын айтқан.

Әйел ұлын өзін қорғай алатын сабырлы жігіт ретінде сипаттады. Ол бала кезінен спортпен айналысқан. Соңғы уақытта ол жекпе-жекпен, атап айтқанда кикбоксингпен шұғылданған. Анасы Александр лайықты және қауіпсіз қызмет етеді деп үміттенеді.

Жас жігіттің видеосы Тик-токқа кеңінен тарады. Екі миллионнан астам қаралым жинаған, 10 мыңға жуық пікір жинаған.

Видеоға пікір қалдырушылар “жүзі күліп тұрса да, жүрегі жылап тұр”, “мықты азамат”, “аман болсын” деп жылы пікірлерін қалдырып жатыр.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды