Экс-әкім Даниал Ахметовтың Тайвань арқылы миллиардтаған қаржы шығаруға қатысы болуы мүмкін

06.06.2024, 20:52
958
Экс-әкім Даниал Ахметовтың Тайвань арқылы миллиардтаған қаржы шығаруға қатысы болуы мүмкін ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовке қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парламент мүшесі бұрынғы топ-шенеуніктің Тайвань арқылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) миллиардтаған долларлық қаражатын шығаруға қатысы бар деп күдіктенеді. Нәтижесінде, қазір Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ. Депутат бұрынғы әкім Ахметовтың үстінен жиі арыз түсетінін айтады.

“Бір кездері жалғанды жалпағынан басып, Елбасының сенімді адамы атанғандардың бірі, жоқ бірегейі – Даниал Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес. Сол көп шағым ішінен біреуіне ғана тоқталайын.

Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп Европа қайта құру және даму банкі арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны ДА тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда Европа қайта құру және даму банкінің Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР (ЕҚДБ) алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды, деп жазады депутат.

Сонымен қатар, ол құжатарға сәйкес, осы күмәнді келісімге қатысқан екі компания белгілі болғанын айтады.

Олар:

  1. ШҚО әкімдігі ашқан "Региональный центр ГЧП ВКО" АҚ,
  2. Тайваньда тіркелген "Everlight Electronics Co. LTD".

“Яғни, ұршықта айналған жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстандық ағайындардан түскен арыз бен өзім тарапынан қосымша сұратып алынған құжаттарды, тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдайтын боламын”, дейді Абзал Құспан.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2014 – 2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды