636

ШҚО-ны Қазақстаннан бөліп, бөлек мемлекет құрғысы келген екі сепаратист 5 жылға қамалды

Өскемен қаласының екі тұрғыны сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ШҚО-ны Қазақстаннан бөліп, бөлек мемлекет құрғысы келген екі сепаратист 5 жылға қамалды
canva.com
 

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі азамат ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар жасап, үгіт-насихат жүргізген. 

«Тергеу барысында олардың 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы ойын білдіргені белгілі болды. Референдумда оң нәтижеге қол жетпеген жағдайда облысты күштеп басып алу қажеттігін насихаттаған», - деп хабарлады ведомстводан. 

Өскемен қалалық № 2 сотында қаралған сот ісінде айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінетінін жеткізді. 

«Сот үкімімен сотталушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.