Атырауда бір жасар баласын көлікке қалдырып кеткен келіншек оны өлтіріп ала жаздады

12.06.2024, 14:53
838
Атырауда бір жасар баласын көлікке қалдырып кеткен келіншек оны өлтіріп ала жаздады canva.com

Әйел баласын қалалық перзентхананың маңында тұрған көлігіне тастап кеткен.

Атырауда бір жасар баланы анасы есігі құлыптаулы көлікте қалдырып кеткен. Ол тұншыға жаздаған, деп хабарлайды mgorod.kz сайты.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, 10 маусымда 103 пультіне шақыру түскен. Әйел баласын қалалық перзентхананың маңында тұрған көлігіне тастап кеткен. Қайтып келсе, оның ес-түссіз күйде жатқанын көрген. Әйел бірден баланы перзентханаға апарған. Жедел жәрдем диспетчері осы ауданда жүрген бригаданы жіберген.

Дәрігерлер баланы тексерген кезде ес-түссіз жатқан, терісі қызарып ісінген. Дене температурасы 40 градустан асқан, жүрегі тез соққан.

"103 бригадасы келгенге дейін қалалық перзентхананың неонатолог дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем фельдшерлері реанимациялық жұмысты жалғастырды", - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова. 

Дәрігерлердің арқасында бала аман қалған. Ол Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Ведомство өкілдері ата-аналарға аптап ыстықта баланы көлікте қалдырмауға кеңес берді.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды