Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының жас офицерлерінің 24-ші шығарылымы өтті

15.06.2024, 19:49
983
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының жас офицерлерінің 24-ші шығарылымы өтті

Курсанттарға әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, рәсімге Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы мен Академиясының генералдары мен офицерлері қатысты.

Сондай-ақ іс-шарада өңірдегі өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері, ардагерлер, курсанттардың ата-аналары мен туыстары болды.

Биыл оқу орнын 190 курсант бітірді, оның ішінде жеті түлек бауырлас Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Министр Ержан Саденов 27 жыл ішінде оқу орнының Ұлттық ұлан мен елдің басқа да күштік ведомстволары үшін бес мыңнан астам офицер даярлағанын, ал 2023 жылы “әскери оқыту және тәрбиелеу” мамандығы бойынша академияның магистратурасына алғашқы қабылдау жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар ол оқу ордасының профессорлық-оқытушылық құрамына әрбір курсантқа кәсіби білім беріп, офицерге лайық дағдыларды меңгерткені үшін ризашылық білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ұлттық ұлан академиясы еліміздің жетекші әскери оқу орындарының бірі екеніне тоқталды.

 

Іс-шара соңында түлектер академияның жауынгерлік туымен қоштасты. Қалыптасқан дәстүр бойынша жас офицерлер офицер вальсін биледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді