«240 мың теңгеге дейін»: Екінші жартыжылдықта қазақстандық студенттердің шәкіртақылары қалай өсетіні белгілі болды

16.06.2024, 20:30
832
«240 мың теңгеге дейін»: Екінші жартыжылдықта қазақстандық студенттердің шәкіртақылары қалай өсетіні белгілі болды egemen.kz

Екінші жартыжылдықтан бастап Қазақстандық студенттер жаңа стипендия тағайындалады. Кімдердің шәкіртақысы қанша теңгеге өседі. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі:

бакалаврларға - 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);

магистранттар мен докторанттарға - 15 пайызға (97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін).

2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге ұлғайтылады. Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.

"Осыған ұқсас есептеу тетігі денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды", - деп нақтылады комитет.

Жол картасын іске асыру үшін қазіргі уақытта Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар былай ұлғаяды:

– жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, даярлаудың педагогикалық бағыттары және "денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін;

– жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;

– Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;

– интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;

– магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;

– докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;

– "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;

– "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.

Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады