Есімі бірдей, бір күнде туған ерлі-зайыпты таңғаларлық оқиғасын айтып берді

19.06.2024, 10:30
6779
Есімі бірдей, бір күнде туған ерлі-зайыпты таңғаларлық оқиғасын айтып берді Аңсаған Сқақов пен Аңсаған Жоламанқызы

Жамбылдық Аңсаған Сқақов пен Орал қаласында туып-өскен Аңсаған Жоламанқызы тағдырдың жазуымен осыдан 11 жыл бұрын шаңырақ көтерді.

Жамбыл облысында есімі бірдей, тіпті бір ай, бір күнде туған ерлі-зайыпты тұрады.

Аңсаған Жоламанқызы болашақ жарымен кездейсоқ, телефон арқылы нөмірді қате теріп танысқан. Бүгінде олар бес бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбылдық Аңсаған Сқақов пен Орал қаласында туып-өскен Аңсаған Жоламанқызы тағдырдың жазуымен осыдан 11 жыл бұрын шаңырақ көтерді. Ерекше жұп қазір Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылында тұрады. Бес бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Көпбалалы ана үй шаруасында, тігінмен айналысады, ал отағасы – әскери қызметші. Аңсаған Жоламанқызы жарымен қалай танысқанын айтып берді.

 "Телефонмен кездейсоқ танысып қалдық. 2012 жылы жаз айында бір кісіге хабарласуым керек болды. Нөмірін дұрыс сақтап алмадым ба, әлде қате теріп қойдым ба, тұтқаны басқа ер адам көтерді. Сіз кімсіз деп сұрады, мен "Аңсағанмын" деп жауап бердім. Ол да өзінің есімі Аңсаған екенін айтты. Екеуміз де күліп жібердік, сөйтіп ұялғанымыздан тұтқаны қоя салдық. Ал жарты сағаттан соң ол маған қайта қоңырау шалды. "Шынында да есіміңіз Аңсаған ба?" деп сұрады. Екеуміз әрі қарай сөйлесіп кеттік. Ол Жамбылдан екенін, әскери қызметші екенін айтты. Кейін сәуір айы жақындағанда білдік, туған күніміз де бір болып шықты, Алланың қалауымен", – дейді Аңсаған Жоламанқызы.

Айтуынша, болашақ күйеубала мен келіннің есімі де, туған күні де бір екенін естігенде жақындары қатты таңғалған.

 "Бәрі төлқұжатымызды сұрап, рас екеніне көз жеткізгісі келеді. Тіпті, бастапқыда құрдастарымыз, достарымыз білмеген адамдармен бәстесіп, көрімдік алатын", – дейді ол.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды