СҚО-да топыраққа көмілген 20 жастағы жұмысшы тірі қалды

19.06.2024, 15:47
594
СҚО-да топыраққа көмілген 20 жастағы жұмысшы тірі қалды pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында жұмыс істеп жүрген 20 жастағы жігіттің үстіне балшық құлап кетті.

Ауыр халде түскен зардап шегушіні дәрігерлер аман алып қалды. 

Оқиға 11 маусым күні болған. СҚО көпбейінді ауруханаға Ақжар аудандық ауруханадан хабарласып, ауыр сырқат түскенін айтқан.

«Әріптестер ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Өндірістік жарақат, яғни жігіттің үстіне балшық құлап кеткен, салдарынан ол бір уақыт топырақ астында жатып қалған. Бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Реаниматологқа кеңес бердім, қандай ем-дом жүргізу керектігін айттым, өйткені сол уақытта сырқаттың жағдайы оны жедел түрде облыс орталығына жеткізуге мүмкіндік бермеді. Сол себепті аудандық ауруханада жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал екінші күні жағдайы тұрақталғаннан кейін сан авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді», - дейді СҚО-ның штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологі Сергей Ишин.

Облыстық ауруханаға жеткізілген кезде полижарақат алған сырқаттың жағдайы ауыр болған. 

«Консилиум құрылып, барлық қажетті зерттеу, соның ішінде толық КТ жасалды. Тексеріс бас-ми жарақатын көрсетпеді, алайда қабырғалары сынып, кеуде қуысына зақым келген, екі жақты пневмония диагнозын қойдық. Сырқат алты тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі уақытта есін жиды, өздігінен дем алып жатыр. Бүгін пульмонология бөліміне ауыстырдық», - дейді Сергей Ишин.

СҚО полиция департаменті қазіргі уақытта осы фактіге қатысты тергеп-тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін СҚО-дағы үйірлі шегірткеге қатысты жағдайды жазған едік. 

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды