"Алдымен сені өлтіремін": Абай облысында ер адам полицияға арызданған әйелін пышақтап тастаған

19.06.2024, 16:31
717
"Алдымен сені өлтіремін": Абай облысында ер адам полицияға арызданған әйелін пышақтап тастаған istockphoto.com

Отбасылық жанжалдан кейін әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін айтып, полиция бөліміне арыз берген. Осы жағдайдан кейін айыпталушы әйелін өлтіруге оқталған.

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін полицияға арызданған әйелін өлтіруге оқталған ер адам сотталды, деп хабарлайды облыстық сот. 

Соттың Facebook-тегі ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, отбасындағы жанжалдан кейін әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін айтып, полиция бөліміне арыз берген. Осы жағдайдан кейін айыпталушы әйелін өлтіруге оқталған.

"Ол "Алдымен мен сені өлтіремін, сосын өзім өлемін" деген сөздермен жұбайына кеуде мен мойын тұсына пышақпен соққы жасаған", – делінген хабарламада.

Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, өлтіру туралы ойламағанын, тек оған дене жарақатын салғысы келгенін айтқан.

Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындыларымен дәлелденді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бөлігі 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы (кісі өлтіруге оқталу) баппен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Айгүл Иманбаева Мадрид пен Парижде жеке ән кешін бермек (ФОТО) «Ғашық боп қалдым»: Индира Расылхан тұрмысқа шыққалы жатыр Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды Павлодарлық әйел 4 айлық сәбиін аяусыз ұрып тастаған Бішкекте Ресей атынан соғысуға әскер жинаған күдіктілер үйқамаққа шығарылған «Баламыз болады»: әзілкеш Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО) Трамптың билікке келгеніне – 100 күн: АҚШ пен әлемде не өзгерді? «Мылтығым болғанда, Шерзатты қорғайтын едім!»: марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабын прокурор оқып берді «Маникюрден шыққан»: теміржол станциясының маңынан зейнеткердің мәйіті табылды Мемлекет пәтер сыйлаған жас жігіт жатын бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойды (ВИДЕО) Трамп: Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын Ақтауда далаға кір жайған тұрғын жазаланды (ВИДЕО) 17 жылға сотталған бұрынғы Атырау әкімі Бергей Рысқалиев сакура тамашалап жүр (ВИДЕО) «Сипалады»: Семейде мұғалім оқушы қыздарға қол жүгірткен (ВИДЕО) «Нұрғанат бізге қаратып оқ атты»: екінші куәгер қыз жауап берді Шерзаттың өліміне куәгерлер: «Абзал «ешнәрсе айтпаңдар, бұл біздің «тема» деді» Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын үйі халықтың қажетіне жарайтын болды Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде өрт қаупі сақталады 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Димаш Құдайбергеннің қарындасы сырғалым атанды