«Қазақстан билігіне оның не қажеті бар»: Бәпи журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтты

21.06.2024, 17:05
1111
«Қазақстан билігіне оның не қажеті бар»: Бәпи журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтты коллаж smartnews.kz

«Қастандықтың артында билік тұр деу – топастық» дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи парламент отырысынан кейін журналистердің Айдос Садықовқа жасалған шабуыл туралы сұрағына жауап берді.

Депутаттың сөзінше, қастандық жасау Қазақстан билігіне қажет емес. Ол мұны үшінші күштер ұйымдастыруы мүмкін екенін айтады.

"Айдос және Наталья Садықовтарға қастандық жасау өте өкінішті жағдай. Біз олармен жақсы қарым-қатынаста болдық. Олар – кәсіби журналистер. Кім жасады дегенге қатысты біздің кейбір интернет ресурстарда осы оқиғаның артында Қазақстан билігі тұр деген нәрсе жазылды. Бұлай деп айту – топастық. Қазақстан билігіне оның не қажеті бар? Логикаға сыймайды. Бұл жерде ескі Қазақстанның өкілдері немесе үшінші күштер болуы мүмкін", - деді депутат.

Сондай-ақ ол жақын күндері Бас прокуратура үндеу жараиялайтынын мәлімдеді.

"Президент істі бақылауына алды, тергеу жүріп жатыр. Алып ұшып жорамал жасамай тұра тұрайық. Бір-екі күннің ішінде Бас прокуратура өзінің пікірін білдіреді деп ойлаймын", - деді Бәпи.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ 18 маусымда Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреу атып кеткенін жазған еді. Бас прокуратура Садықовтың "ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін" хабарлады. Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, жәбірленуші мен оның жұбайы 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесін алған.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды