Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп 100 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінген
Алаяқ Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін деп туыстарынан 100 млн теңге алған. Арызды Бишімбаевтың туыстары жазған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік ресми сайтында жазды.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.
Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.
Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.
Материал авторы