5 баланың анасы Тоқаевтан көмек сұрайды: экс-полицей күйеуім 12 жыл бойы ұрып, қазір қысымға алды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.06.2024, 15:40
710
5 баланың анасы Тоқаевтан көмек сұрайды: экс-полицей күйеуім 12 жыл бойы ұрып, қазір қысымға алды (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Әйел күйеуім және оның туыстары Таразда заң саласында ықпалды болғаннан кейін ешқандай заң мені қорғай алмады дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараздық 33 жастағы 5 баланың анасы, 6-шы баласына жүкті  Балғын Әмірхан KYN.KZ тілшісіне күйеуі мен ата-енесі, күйеуінің туыстары тарапынан кезінде таяқ жеген болса, қазір қысым көріп жатқанын айтқан. Әйел үш ай бұрын бөлек тұруға кеткенін айтады, өйткені соңғы жарты жылда күйеуі 5 рет өзін қатты сабап тастапты. Соңғысында полицияға арыз жазып, қайын атасының өтінішімен ол шағымын қайтарып алған.

Соңғы рет ер адам  әйелді анасымен қоса ұрған көрінеді. Сол кезде  көпбалалы ана арызданып, экс-күйеуі 10 күнге қамалған. Қамаудан босаған сәтте "меннен өш алуға кірісті" дейді әйел.

"11 жасар қызымызбен телефон арқылы 5 күндей тоқтамай сөйлесті. Жай кезде балаларынан хабар да алмайтын. Балаларына нанға ақша бермейтін еді. Енді қызыма бәрін үйретіп, полицияға "нағашы әжем мен анам ұрды" дегізіп арыз жаздыруда. Енді 141-ші статья іске қосылды, мені және анамды 2 жылға соттататын түрі бар. Тоқаев мырза, маған көмектесіңізші, 5 баламнан айырмаңыздар",-деп жылады келіншек.

Әйел дипломды дизайнер екен. Өңірге танымал тігінші. Балаларымды бағу үшін 7 күндік сәбимен жұмысқа шығамын дейді.

"Мен ешқандай да жатып ішер, жалқау әйел емеспін. Тусам Алла несібесімен береді деп туабердім. Күйеуімді қатты жақсы көрдім. Әлі де жақсы көремін. Сол үшін мені ажыратып алмақ болған ағаммен ұрысып, үш жыл араласпай кеткенмін. Ендігі күйеуімнің қорлығына шыдай алмайтынымды түсіндім. Бүкіл отбасы маған "туа берме" деп ұрысатын. Тіпті баланы алдырып тастауға енем ақша да берген.

Қазіргі бар өтінішім әкесі қызымның миын уласмаса екен. Балаларыма, маған тыныштық берсін. Одан ешқандай ақша, алимент талап етпеймін. Ол кісінің мінезі, психикасы дұрыс емес. Ол учаскелік полиция болып жұмыс істеді. Парамен ұсталып, сотталғалы тұрған кезде өз еркімен жұмыстан кетті. Бүкіл әулеттері заң саласында лауазымды қызметтерде отыр, бұрында да істеген. Ата-енем де заң саласында еңбек еткен. Сол себепті 12 жыл таяқталсам да полиция күйеуіме еш шара қолданбайтын",-деп егілді әйел.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)