Ақмола облысында жыл басынан бері 268 адамды кене шақты

24.06.2024, 19:35
530
Ақмола облысында жыл басынан бері 268 адамды кене шақты pixabay

Ақмола облысында жыл басынан бері 268 адамды кене шақты, оның 69-ы – 14 жасқа дейінгі бала.

 

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде кене энцефалитінің 5 жағдайы тіркелді.

Облыста эндемикалық аудан Сандықтау ауданы, онда тек үш жағдай тіркелді, Бурабай және Зеренді аудандарында бір бірден.

«Ақмола облысында жыл басынан бері 268 адамды кене шақты, оның 69-ы – 14 жасқа дейінгі бала. Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, онда осы уақыт ішінде тек 406 жағдай тіркелген. Облыста кене энцефалитіне қарсы вакцина бар. Биылғы жылы Ақмола облысында кене энцефалитіне қарсы 540 вакцина сатып алынды, оған қоса, былтырғыдан қалған 189 доза бар. Облыс бойынша барлығы 354 адам вакцина алды. Облыста ақылы негізде вакцинация жүргізілмейді. Сонымен бірге облыста кене шаққан адамдарға медициналық көмек көрсетуге арналған кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин бар», - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов. 

Айтуынша, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізуге 47 158 926 теңге бөлініп отыр. Аршалы, Біржан сал, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау аудандарында профилактикалық дезинфекциялауға және дератизациялауға қаржы бөлінбейді. 

Айта кетсек, бұдан бұрын 25 мыңнан астам қазақстандық кене энцефалитіне қарсы жоспарлы екпе қабылдағанын жазған едік. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол