150-ге жуық жас сарбаздар Отан алдында Ант берді

24.06.2024, 20:13
700
150-ге жуық жас сарбаздар Отан алдында Ант берді Алматы қаласы ТЖД

2024 жылғы 22 маусымда ҚР ТЖМ-нің даңқты қолбасшы Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде 1-2024 жылғы шақырылымның жас толықтырылым сарбаздарын салтанатты түрде Әскери ант қабылдауға келтіру рәсімі болып өтті.

Белгіленген уақытта әскери бөлімнің жеке құрамы саптық алаңда сап түзеді.

Әскери бөлім оркестрінің әуенімен саптық алаңға Жауынгерлік Ту шығарылды және ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Мемлекеттік Туды көтеру мәртебесіне оқу пунктінің үздік жас сарбазы қатардағы Р. Жаңабай ие болды. Ары қарай жас сарбаздар саптық алаңда Отан алдында Әскери Ант берді. Әскери ант мәтінінің аз ғана сөздерінің ішінде үлкен мағына жатыр. Ол – Отанға деген қасиетті борыш. Бұл туралы өздерінің құттықтау сөздерінде әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Е. Усаев, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары полковник А. Советов, Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары полковник Б. Қалиев және Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Туматаев айтып өтті.

Іс-шара барысында жас жауынгерлер қарумен дефиле, ал кинологиялық есептоп қызметтік итпен жаттығулар көрсетті.

Әскери ант қабылдау рәсімі жеке құрамның саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтуімен аяқталды. Осы сәттен бастап олар толыққанды Отан қорғаушылар болып есептеледі. Жас сарбаздар әскери дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады, алдағы уақытта олар әскери қызметтің шеберлігі мен құтқару дайындықтарын меңгеріп, саптық және дене дайындығын жалғастыратын болады.

Ант қабылдап, нағыз құтқарушы жауынгерлер атанған жас сарбаздар алдағы уақытта республика көлеміндегі азаматтық қорғаныс саласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат болған жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша түрлі міндеттерді орындайтын болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды