60

Сайлау күні алматылықтарға көмек: ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы көлік бөлінді

23 тамызда Алматыда мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне баруына арнайы көлік көмектеседі.

Сайлау күні алматылықтарға көмек: ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы көлік бөлінді
Алматы әкімдігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға арнайы көлік қызметі көрсетіледі. Қала әкімдігі сайлаушылардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасамақ. Бұл туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Сайлау күні қала бойынша «Инватакси» қызметіне 170 көлік жұмылдырылады. Оның 36-сы арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға арналған арнайы жабдықталған көліктер болса, қалған 134-і жеңіл автокөлік.

«Инватакси» қызметін арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті төмен азаматтар пайдалана алады.

«Инватакси»-ге қалай тапсырыс беруге болады?

Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар мына диспетчерлік нөмірлерге хабарласа алады:

  • +7 747 195 35 75;

  • +7 707 710 60 50 (WhatsApp);

  • +7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:

  • +7 727 338 32 78;

  • +7 700 521 26 33;

  • +7 777 611 13 57 (WhatsApp).

Сонымен қатар 23 тамызда Алматыда тағы 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Осылайша, қала әкімдігі сайлау күні жүріп-тұруы қиын азаматтардың дауыс беру учаскелеріне жетуіне қосымша мүмкіндік жасап отыр.