75

Мақсат Базарбаев Алматыда сайлауда дауыс берді

Әнші қазақстандықтарды ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

Мақсат Базарбаев Алматыда сайлауда дауыс берді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әнші Мақсат Базарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Өнер иесі №236 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Мақсат Базарбаев елдің болашағы әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлауға қатысу — жай ғана дауыс беру рәсімі емес, мемлекет дамуына үлес қосудың бір жолы.

«Сайлауға келіп, дауыс беріп жатқан халықтың қарасы қалың. Қуанып қалдым. Себебі әр адам таңдау жасап, ел өміріне үлес қоса алады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстанымыздың абыройы арта берсін», — деді әнші.

Өнер иесі азаматтардың сайлау үдерісіне белсенді қатысуы қоғамның болашағына деген жауапкершілікті көрсететінін айтты. Оның пікірінше, әр адамның жасаған таңдауы елдің ертеңіне деген сенімін білдіреді.

Сондай-ақ Мақсат Базарбаев қазақстандықтарды ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласуға үндеді.