120

Құрылтай есімді екі азамат Құрылтай сайлауында дауыс берді

Құрылтай Сәткенбаев пен Құрылтай Мансұровтың есімі биылғы сайлаудағы ерекше сәйкестікке айналды.

Құрылтай есімді екі азамат Құрылтай сайлауында дауыс берді
ӨКҚ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда есімі биылғы саяси науқанның атауымен сәйкес келетін екі азамат Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Құрылтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ал Әуезов ауданындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №140 учаскеге Құрылтай Мансұров келіп, дауыс берді.

Осылайша, аты «Құрылтай» болатын екі азаматтың дәл Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруі назар аударарлық сәйкестік болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда Құрылтай есімімен және оның нұсқаларымен тіркелген он азамат бар. Оның алтауы ер адам болса, төртеуі әйел.

Мұндай есім иелерінің ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Бұл өңірде төрт адам тіркелген. Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын бар. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тұрады.

Биылғы сайлауда Құрылтай есімді алматылықтардың дауыс беруі әлеуметтік желіде талқыланатын қызық сәйкестіктің біріне айналды.

Материал авторы