Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыда Құрылтай сайлауында дауыс берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Спортшы Самал-2 шағынауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Михаил Шайдоров үшін 2026 жыл спорттық мансабындағы айтулы кезең болды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы биылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, ел қоржынына чемпиондық жүлде салды. Осылайша ол Олимпиада тұғырында Қазақстанның көк туын көтерді.
Енді Олимпиада чемпионы азаматтық құқығын пайдаланып, Қазақстан тарихындағы жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысты.
Шайдоровтың сайлауға қатысуы елдің саяси өміріндегі маңызды кезеңге спорт саласының өкілдері де атсалысып жатқанын көрсетті.
Материал авторы