994

Алматыда өзен арнасынан ер адамның денесі табылды

Алматының Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның мәйіті табылды.

Алматыда өзен арнасынан ер адамның денесі табылды
Виктор Федюнин / Kazinform
 

Судағы ер адамның денесін бүгін таңеретең сол маңнан өтіп бара жатқан адам көріп, полиция шақырған. Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның кім екені белгілі болды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.