«Уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасы қажылықтан оралды

Аиса Махамбет Редактор
27.06.2024, 20:45
9372
«Уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасы қажылықтан оралды жеке парақшасынан

Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасының Меккеден оралғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса қажылыққа кеткен жолаушыларға қатты алаңдағанын айтты.

“Бір айға созылатын сапарға жіберер алдында біраз уайымдадым. Ауа райы, жол, жаяу көп жүруге шыдай ма, денсаулықтары сыр бермей ме” деп уайымдағаным рас. Бірақ Алланың қалауымен ұлы сапардан аман-есен оралды. Әр мұсылман перзентінің жақсы арманы осы шығар?! Мен ұзақ армандаған едім. Оңай сапар болған жоқ. Жаңалықты өздеріңіз де көрген шығарсыздар?! Күннің ыстығына байланысты қаншама жолаушы жолда қаза тапты. Дәл сол күндері менің ата-анам сол жақта еді. Кейде байланыс болмай, хабарын біле алмай отырдық. Сол кездегі менің күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес”, – деп жазды актриса.

Айта кетейік, Меккедегі қажылық кезінде аптап ыстықтан 703 қазақстандық медициналық көмекке жүгінген.

“15 маусымда Мұздалифада қан қысымы көтерілген қажыға жедел алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігердің бақылауымен қонақүйге жөнелтілді. 16 маусымда Мина жазығында транзиторлық ишемиялық ұстама бойынша бір қажыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, стационарға жатқызылды. Жамаратта шайтанға тас лақтырып келе жатқан жолда қанты төмендеп, есінен танып жатқан әйел адамға тез арада көмек көрсетіліп, ол да стационарға жеткізілді”, – деген болатын қажылық миссиясындағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлы. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді