Мектепке қайта қабылданады: Қарағанды ​​соты оқушыны орамал таққаны үшін оқудан шығаруды заңсыз деп таныды

30.06.2024, 09:50
1033
Мектепке қайта қабылданады: Қарағанды ​​соты оқушыны орамал таққаны үшін оқудан шығаруды заңсыз деп таныды Sputnik

Қарағанды ​​соты орамалы таққаны үшін мектептен шығарылған оқушы қызға қатысты істі қарап, шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 маусымда Қарағандының әкімшілік соты 2023 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінен сабаққа келмегені үшін оқудан шығарылған оқушы қыздың әкесінің арызын қарады. Діни сеніммен орамал тағатын оқушы қыз басындағы ақ орамалын шешуден бас тартқаны үшін мектеп басшылығы оны мектепке кіргізбей қойған. Ал кейінірек “сабаққа келмеді” деген себеппен оқудан шығарып жіберіпті. 

13 жастағы Әнелдің әкесі Болат Мусин алты айдан астам уақыт бойы баласын мектепке қайтаруды сұрап, түрлі мемлекеттік органдар мен сотқа жүгінген. Соттар істі қарауды кешіктіріп, түрлі себептермен талап арыздарды қараудан бас тартқан. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ғана әкімшілік іс бойынша сот отырысы өтті. 

Сот ата-ананың талап арызын бір күнде қарап, тараптардың ұстанымын тыңдап, қыздың қалай киінгенін, басындағы орамалының қандай екенін қарай отырып, талаптарды ішінара қанағаттандырып, оқушыны мектепке қайта қабылдау туралы шешім шығарды. Сот шешімімен мектептен шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танылып, оқушы 8-сыныпқа көшірілуі тиіс. 

“Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, құқықтарымыздың шектеліп жатқаны ренжітеді, оның үстіне, оқушы елге пайдасын тигізетін дарынды бала болса", – деді сотта талапкер Болат Мусин.

Айыпталушы мектеп өкілі сотта оқудан шығару туралы шешімнің заңды екенін алға тартты. Ол ата-ана баланы дұрыс келбетке келтіруге міндетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, хиджаб пен орамал мектеп формасына жатпайды. Мектеп өкілі соттан талапты қанағаттандырмауды сұрады.

Сотта мүдделі тарап ретінде әрекет ететін оқу-ағарту министрлігінің өкілі дауды шешуді соттың қарауына қалдыратынын мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды