Ермұрат Бәпи: Хиджапқа тыйым салса елден кетем дегендер құрысын, шекара асып лағып кетсін

Аиса Махамбет Редактор
30.06.2024, 17:17
788
Ермұрат Бәпи: Хиджапқа тыйым салса елден кетем дегендер құрысын, шекара асып лағып кетсін Azattyq Rýhy

Депутат: Жұрттың сұрқия дәстүрін елге сіңірмей, ылаңдатпай құрту керек!

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат елдің ұлттық құндылықтары сақталуға тиіс екенін алға тарта келе, хиджабты шешкісі келмей, "елден кетем" дегендер болса, олардың артынан бір уыс топырақ шашатынын айтты. Бұл туралы ол Barysmedia порталына берген сұхбатында айтты. 

"Алды мен артына бір уыс топырақ! Кетсін. Қайда кеткісі келеді екен, ей? Лағып кетсін! Ондайларға шекараны бер жақтан ғана ашып қою керек... Жаттың сұрқия дәстүрлерін елге сіңіруге қарсымыз", – деді депутат Бапи. 

Бұл мәлімдеме халық арасында үлкен резонанс, қатаң сын туғызды. Эмоциялы пікірлерді қоспағанда, пікір білдірушілер мұсылмандық киімге тыйым салатын заң жобасына бастамашы болған депутаттың сауатсыздығына назар аудартты: "Хиджаб – сұрқия дәстүр емес".

Тарих ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Ахмет Ярлыкаповтың айтуынша, заң жүзінде "хиджабқа" тыйым салу қиын болады.

"Еуропада мұсылман әйелдердің бас киімін хиджаб деп атайды. Бұл дұрыс емес. Өйткені хиджаб – әйелдердің шариғат нормаларына сәйкес келетін кез келген киімі. Хиджаб араб тілінен "шымылдырық" дегенді білдіреді. Мұндай киім әйел затының бүкіл тәнін, шашын жауып тұруға тиіс. Тек бет-жүзін, қолының ұшын, аяғының тобықтан төмен бөлігін ашық қалдыруына рұқсат. Тиісінше, хиджабқа шашты бүркемелейтін орамал, шәлі, ұзын жеңі бар көйлек, тобыққа дейін жететін белдемше-юбка және басқасы жатуы мүмкін. Егер Парламент хиджабқа тыйым салса, онда әйелдердің шариғат нормаларына сәйкес келетін кез келген киіміне тыйым салады деген сөз", – деген пікір білдірді ғалым.

Сарапшы "сақалдылар" ұйымдастырған терактілерден кейін Үкімет 2016 жылы Қазақстанда хиджабқа тыйым салу бастамасын көтергенін еске салды. Бұл заңнамалық түзету "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілді. Сонда Парламент қазіргісі сияқты өзімбілемдік танытпай, сала мамандарын жұмылдырып, ақылдасқан.

Мамандар "хиджаб" деген жалпы атау екенін, оған тыйым салу Қазақстанның Ислам әлемімен қарым-қатынасының күрт бұзылуына соқтыруы мүмкін екенін ескерткен. Себебі, заң бәріне ортақ, ендеше елімізге саяхаттап немесе бизнес мақсатпен келетін, сондай-ақ ислам ынтымақтастығы ұйымдарының саммитіне қатысатын әйелдерден шариғатқа сәйкес келетін киімдерін шешуді талап етуге тура келмек.

Ақыры Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы отырысындағы Президенттің тапсырмасымен әзірленген аталған заңды Парламент 2016 жылғы 22 желтоқсанда қабылдады. Бірақ одан никаб, хиджаб немесе паранджа киюге тыйым салу туралы ұсыныс алып тасталды.

Сол кездегі Мәжілістің түсіндіруінше, "мұсылман елдерінде таралған киім киіске шектеу енгізу мәселесі бойынша халықаралық тәжірибені зерделеген жұмыс тобы ондай тыйымды заңнамаға енгізуді орынсыз деп таныды".

Сол заманның өзінде "жарамсыз" деп қоқысқа лақтырылған заңнамалық түзетулерді қазіргі Парламент сілкіп-сілкіп, қайтадан жұмысқа алып отыр. Кейбір сарапшы осы арқылы депутаттардың қоғамның және мемлекеттің шын мәнінде көкейкесті, күрделі проблемаларынан жұртшылық назарын аударып әкетпек деп есептейтінін жазды.

Қалай болғанда, биылғы маусым айының ортасында Мәжілістің "хиджабты қоғамдық орындарда киюге тыйым салу мүмкіндігін қарастыратыны" жарияланды. Бұл туралы заң жобасының бір авторы, мәжілісмен-журналист Ермұрат Бапи мәлім етті. Оның айтуынша, діни киімдерді киюге тыйым салу мәселесі пісіп-жетілді.

"Бүгінде біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүдделерін, ұлттық дәстүрді, ұлттық мәдениетті сақтау болып табылады. Бүгінде айналаңызға қарасаңыз, қара жамылып алған қазақтың қыз-келіншектері көбейіп барады. Бұл жайт біздің болашақ ұлттық мүдделерімізге салмақты нұқсан келтіреді", – деді Бапи.

Ол тиісті заң жобасы күзде басталатын жаңа, үшінші сессияда Мәжілістің қарауына енгізілетінін хабарлады.

"Сондықтан біз, бір топ депутат, осындай заң жобасын дайындадық. Ол Парламентке күзгі сессияда ұсынылады. Меніңше, хиджаб, никаб және басқа діни киімдер туралы қоғамда қордаланған мәселелер осы заңның қабылдануымен бірге шешіледі. Сонда діни киімді кию мәселелерін біз реттей алатын шығармыз", – деді депутат Ермұрат Бапи.

Сарапшылар кезінде шариғатқа сай келетін діни киімдерге тыйым салған мемлекеттер енді ол тәжірибеден бас тартып жатқанын қаперге салды.

Мысалы, арасында Франция да бар. Reuters жазғандай, Түркия 2013 жылы, шамамен 90 жыл бойы (1925 жылдан бері) қолданыста болған мемлекеттік мекемелерде хиджаб киюге тыйым салатын заңның күшін жойды. Сол кездегі вице-премьер Бекир Боздаг бұл тыйым "әр адамның өмір сүру салты мен киім таңдау еркіне қол сұғатын, қоғамдағы теңсіздіктің, әділетсіздіктің және кемсітушіліктің негізі болып келген зиянды ереже" екенін айтты. Түркияда тек әскерде, сот органдарында киюге шектеу қойылған: қызметкерлер ресми форманы сақтауы шарт.

Ал, Америка демократияны өрістету аясында діни киімдер киюге әскерилерге де рұқсат етті. Нәтижесінде, АҚШ Президенті Барақ Құсайын Обама тұсында, Америка тарихында тұңғыш рет, 2016 жылғы қазанда хиджаб киген мұсылман әйел Сана Хамза теңіз офицері атанды. Бұған дейін әскери оқу орындары өз түлектерінің діни киім киюіне жол бермейтін. Осы оқиғадан кейін әскери институттар бірыңғай киім формасынан бас тартты. Ондағы мақсат – әскерилер қатарына америкалық араб қыздарын тарту, шариғат әдептерімен киім киетін әйелдерге Отан қорғау, әскери карьера жасау мүмкіндігін беру.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында "хиджаб тек сырт көзден ғана емес, психологиялық дерттерден де сақтайтыны" жазылған. Бұл жерде ҚМДБ британ ғалымдарының зерттеулеріне сілтеме жасайды. Вестминстер университетінің докторы Вирен Свами әріптестерімен бірге мыңдаған әйелдің мінез-құлқын бақылады. Оның ішінде 587-і – 18–70 жас аралығындағы мұсылман әйелдері болған.

"Зерттеушілердің айтуынша, хиджаб кигендер өз тұлғаларына басқалар секілді шектен тыс талғампаздықпен қарамайды және сән әлемінің жұлдыздарына табынбайды. Осылайша, олар сыртқы сұлулықты емес, ішкі жан-дүниесін көркем мінезбен көріктендіруге ұмтылады", – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2013 жылы "Әйелдің басын жауып, Ислам талаптарына сай киінуі жөнінде" пәтуа шығарды.

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)