Биыл талапкерлердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды

06.07.2024, 11:14
1343
Биыл талапкерлердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды ашық дереккөзден

Ал шекті балды 78% талапкер жинаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 78% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 70 балды құрады.

Ең жоғары балл – 140. Оны ҰБТ-ны өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек жинады. 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады. Атап өтсек, аталған үш талапкер ауыл мектептерінің түлегі болып табылады. 6 бала 138 балл, 20 бала 137 балл жинаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға жеті аптаның ішінде 639 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 596 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 375 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 179 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 42 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды