Ақтөбеде ер адам балалардың көзінше үш адамды пышақтамақ болған (ВИДЕО)
Пышақ ұстаған, үсті-басы қан жоса ер адамның видеосы тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде ер адам жолаушылар мен балалардың көзінше үш адамға пышақпен шабуыл жасап, қолға түсті.
«Күдікті анықталып, ұсталды. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деп жазды Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында түсірілген видео Egov Press Telegram-арнасында жарияланды. Бейнеде футболка киген, киімі қанға боялған ер адам көрінеді. Оның айналасында онымен сөйлесіп тұрған бірнеше полицей бар. Болып жатқан оқиғаны адамдар тобының қарап тұрғаны байқалады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші