Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалдаған – Министрлік ақпаратқа түсінік берді

10.07.2024, 15:40
1413
Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалдаған – Министрлік ақпаратқа түсінік берді ашық дереккөзден

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторына тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тергеу изоляторына тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды.

7 шілдеде елорданың тергеу изоляторында белгісіз әйел тұтқынға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арналған деген қауесет тарады.

«№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторында тергеуде отырғандар мен сотталғандарға тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Алайда, Ішкі істер министрлігі өнімге қатысты жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.

Жазда тез бұзылатын азық-түлікті әкелуге тыйым салынады. Тергеу изоляторындағыларға туыстары мен жақындары сәлемдеме түрінде дайын азық-түлік әкелуі тиіс.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды