Шетелдік диплом және гранттар: Францияның жетекші университетінің филиалы Abai University–де ашылды

10.07.2024, 18:01
792
Шетелдік диплом және гранттар: Францияның жетекші университетінің филиалы Abai University–де ашылды fle.fr

Еліміздің жетекші педагогикалық университеті – Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Лотарингия университетінің (Франция) филиалы ашылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтулы оқиға білім сапасын арттыруға, академиялық ұтқырлықты және халықаралық ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың нәтижесі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Лотарингия университеті (Université de Lorraine) филиалының білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін келесі бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша 95 грант бөлді:

«B018(KZ-FR)-Шетел тілі мұғалімдерін даярлау»;

«B140(KZ-FR)-Халықаралық қатынастар және дипломатия»;

«B044(KZ-FR)-Менеджмент және басқару»;

«B046(KZ-FR)-Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі»;

«B047(KZ-FR)-Маркетинг және жарнама»;

«B093(KZ-FR)-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі».

Бұл студенттер үшін Франциядағы беделді университеттердің бірінде білім алудың бірегей мүмкіндігі. Сонымен қатар, ынтымақтастық аясында студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алады, бұл олардың академиялық және мәдени тәжірибесін байытып, университеттің халықаралық байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Білім беру бағдарламалары мамандарды еуропалық стандарттар бойынша оқытуды қамтамасыз етеді және шетелдік серіктес жоғары оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік береді. Оқуды аяқтағаннан кейінгі берілетін халықаралық диплом әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырып, олардың кәсіби дамуы үшін жаңа перспективаларға жол ашады.

Танымал актриса Лейло Бекназар-Ханинганың күйеуі бақиға аттанды Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді Орал тұрғыны өз айыппұлын ұйықтап жатқанда досының телефоны арқылы төлеген 21 жастағы жігіт ойын үшін төрт бірдей туысын пышақтап тастаған Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, бұрқасын соғады Қарт әкесін еркелетіп, қасықтан ас ішкізген Мадияр Серікбаев елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Хиджаб киіп, Мәдина қаласында жүрген Ақбота-Нұр көпті таңғалдырды Семейдегі оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО) Израиль қажет болған жағдайда Газадағы соғысты қайта ашатынын ескертті «Өтемақыны ұрлады»: ұшақ апатында мерт болған бортсеріктің ата-анасын алаяқтар алдап кеткен Қамшыбек Қоңқабаев бокстан кетті Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды Қазақстанда картоп бағасы шарықтап кетті: Үкімет не дейді Автобусты соғып, бір адамды қағып қашып кеткен атыраулық ұсталды АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынды QazNews24 cатиралық парақшасының авторы екі айға қамауға алынды «20 қария таяқ жеп келген»: Павлодардағы пансионатта қарттардың пәтерін жалдап, өздерін ұрып-соққан қылмыстық топ ұсталды «Басына операция сәтті жасалды»: адвокат Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайды»: Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті