«Есінен тандыратын зат берген»: Жамбыл облысында әйел оқушы қызын топтасып зорлап кеткенін мәлімдеді

12.07.2024, 12:33
1274
«Есінен тандыратын зат берген»: Жамбыл облысында әйел оқушы қызын топтасып зорлап кеткенін мәлімдеді бейнежазбадан алынған кадр

Жамбыл облысының тұрғыны Айгүл Қонқашова 14 жастағы қызын жігіттер топтасып зорлағанын мәлімдеді. Сөзінше, сұмдық жағдайдың болғанына екі апта өтсе де, күдіктілердің ешқайсысы қамалмаған. Осылайша іс жылы жабыла ма деп қорқады. Айтуынша сегізінші сыныптағы қызға айуандық жасағандар естен тандыратын белгісіз зат беріп, жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел түн ортасында қызының төсегінде жоқ екенін байқап, шарық ұрып іздейді. Бірақ ақыры байланыса алмай, таңды көзбен атырып көшеге шыққан. Сол кезде ауладағы орындықта қызының сүлесоқ жатқанын аңғарған. Қимылсыз қызын құшақтай ауруханаға жеткізеді. Тілсіз қалған оқушыны тексерген мамандар сараптама тағайындайды.  

Айгүл Қонқашева сол түні қызын таныс жігіті үйден шығуға көндірген деп отыр. Кейін көлікте тағы үш жігіт болған дейді. Айтуынша, жас шамалары 17, 18, 20, 25-тегі жігіттер 8-сынып оқушысына ойына келгенін істеп, таң сәріде ес-түссіз күйде есік алдына әкеліп тастаған.

“Қызым есін білмейді. Мас адамның буын буыны істемейді ғой, тура сондай. Ішімдіктен бұрын, синтетикалық есірткінің бары зәр арқылы сараптамадан шықты. Нарколог бәріне анализ өткіздік сол күні. Бұл жерде топтасып зорлау болып тұр ғой”, – деді қыздың анасы Айгүл Қонқашова. 

Қыздың туыстары күдіктілердің бостандықта жүргенін айтады. Ал полиция тек сараптамадан соң ғана шешім қабылдаймыз деп шығарып салған екен

“Мен сендердің тергеушілеріңе қанағаттанбаймын балалар. Бұл не деген сұмдық?! Кәмелетке толмаған қыз осылай болып жатыр. Өздері алып кетті, зорлады, әкеліп тастады. Енді не қамалмайды дегенімде маған сол Ержан “апа, қамалғанда сізге не пайда” деп айтты”, – деді қыздың апасы Айбаршын Шалова. 

Ал бар өкпесін айтқан жәбірленушінің туыстары прокуратурадан тергеушілердің дөрекілігі, бала құқығын қорғау бойынша комиссияның келмеуі, істің созбаққа салыну себебін сұрады. 

“Сол күні аудандық полиция бөлімімен іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 122 -бабы, бірінші бөлімімен. Қазір іс бойынша сот сараптамалар тағайындалған. Жәбірленуші айтып отырған барлық сұрақтар, уәждері ескерусіз қалмайды. Оған мен прокурор ретінде назарға алатын боламын”, – деді Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаров. 

Созбаққа салынған сараптама қорытындысы шықпай тұрып қанша жігіттің оқушы қызға озбырлық жасағанын білмейміз дейді. Ал қарғадай қыздың анасы бұл істің өгіз аяңға салынуының сыры жыныстық қатынасқа түсті деген жігіттердің санын азайту деп түсінеді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды