«Басынан айналдырып, бір түкіріп беретін»: Нұрлан имам садақаға 500 теңге алған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.07.2024, 13:49
3223
«Басынан айналдырып, бір түкіріп беретін»: Нұрлан имам садақаға 500 теңге алған (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Бәле-жала осымен кетсін деп қолыма ұстатты дейді имам.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызына айналған Нұрлан имам садақа беруге қатысты қызықты оқиғасымен бөлісті. Айтуынша, кезінде өзіне бір адам тұрақты түрде садақа беріп тұрған көрінеді. 

«Баяғыда бір кісі бар еді, әлі де бар ғой. Ол кезде Әл-Фарабидің суреті салынған 200 теңгелік қағаз ақша бар еді. Бірақ ол кісінің жағдайы жақсы, байсымақ кісі ғой, 500 теңге беретін. Садақа бергенде қалтасынан ақшаны шығарып, оны басын айналдыра отырып «Ауру, шын, жын, көз, сиқыр, бәле-жала, ненармальный дүние, бәрі осымен кетсін!» деп ақшаға бір түкіріп, «Мә, Молдеке!» деп қолыма ұстататын. 

Әлгі ақшаны алғанша қалтырап, амалсыздан беріп тұрған соң алатынбыз. Сол күні қолым ұйып, ұйықтай алмай қалатынмын. Мен тағы ол кісінің айтқанын қысқартып айтып тұрмын, онікі көп енді, СПИД-ті қоспайды, қалған аурудың бәрі бар. Тағы ол ақшаны сағат тіліне қарсы бағытта айналдыратын. Сол ақшаны басқа ақшадан бөлек қойғым келетін, бәлесі жұғып кетпесінші деп. Алдық, амал жоқ қой, беріп тұрған соң қолын қайтара алмайсың», - деді Нұрлан Имам. 

Желі қолданушылары имамның оқиғасына пікір білдірді. 

«Құдай сақтасын, үстіне 500 теңге қосып өзіне ұстатып жіберу керек еді», «Біреуге бір тиын берсең де жақсы ниетпен беру керек қой», «Нұрлан имам негізі Тамашада ойнайтын әртіс болуы керек еді», «Соншалықты садақаға мұқтаж адам болғансыз ба?», «Нұрлан имамның әр видеосына күлу үшін кіреміз, позитивке толы», «Алмау керек ондайды», «Адамдардың пейілі мен ниетіне не болған» деп жазды көпшілік.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды