Ресейде 40 жылдан бері алғаш рет теледидардан Олимпиада ойындарын көрсетпейді

13.07.2024, 19:34
2125
Ресейде 40 жылдан бері алғаш рет теледидардан Олимпиада ойындарын көрсетпейді Финам.AI

Саяси себеппен мемлекеттік арналар олимпиаданы көрсетуден бас тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей телеарналары соңғы 40 жылда алғаш рет Олимпиада ойындарын теледидардан көрсетпейді. Бұл жөнінде Sports.ru және өзге де басылымдар жазды.

"Бірінші" және "Россия-1" телеарналары саяси себеппен Олимпиада ойындарын көрсетуден бас тартты деп жазды Sports.ru. "Комсомольская правда" жазуынша, телеарналар Ресейдің бірнеше спортшысы ғана бейтарап статуста қатысатын Олимпиада ойындарын көрсетуді "ақылға қонымды" шешім деп санамайды.

Жарыс трансляциясына құқықты сатып алу бойынша келіссөзді "Матч ТВ" және VK холдингі жүргізген. Алайда сәуір айында Ресейде Олимпиада ойындарын көрсету құқығына ие "Телеспорт" компаниясының жетекшісі Петр Макарено алаяқтық бойынша ұсталған. Бұған қоса, ақпарат құралдарының жазуынша, Олимпиадаға қатысуға рұқсат алған бірқатар ресейлік спортшылардың ойынға бармайтыны белгілі болғаннан кейін қымбат келісім жасаудан мән қалмаған.

Ақыры "Матч ТВ" де, VK холдингі де 26 маусымда басталатын Олимпиаданы көрсету құқығын сатып алмаған. Okko және Wink стриминг сервистері де трансляция бойынша келісім жасамаған.

Ресейде соңғы рет 1984 жылы СССР ойынға бойкот жариялаған кезде Олимпиада ойындарын көрсетпеген еді.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады