Қайрат Нұртас ұшақтағы төбелес салдарынан қанша қаржысын жоғалтты

Аиса Махамбет Редактор
14.07.2024, 12:35
2196
Қайрат Нұртас ұшақтағы төбелес салдарынан қанша қаржысын жоғалтты ашық дереккөзден

Елімізде шоу-бизнес өкілдері арасында заңбұзушылық жиілеп кетті. Нәтижесінде жұлдыздар тұтқынға алынып, бірнеше тәулікке қамауға алынып жатыр. Тіпті олар сахнаға шықпай жатып үлкен шығынға ұшырап жатыр. Олардың шығыны қанша болды деген сауалға продюсер Алтынбек Рахметов жауап берді. Бұл туралы Inform жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер қамауға алынған өнер адамдарын халық біржола жек көріп кетпейтінін айтты.  

“Тұрсынбек қамаудан шыққан бойда үлкен концерт берді. Концерттерде қамауға алынғаны туралы әзілдеп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Бостандыққа шыққан соң Қайрат Нұртас пен Әбдіғаппар Әлқожа да концерт берсе, зал лық толы болатынына сенімдімін. Ұсақ құқықбұзушылықтары үшін халық оларды жек көріп кетпейді”, – дейді белгілі продюсер Алтынбек Рахметов.

Алайда, Қайрат Нұртас 19 шілдеде Ақсу қаласы мен Металлургтер күніне арналған концертте өнер көрсетуі керек еді.

“Концерттің ұйымдастырушысы болғандықтан, Қайрат Нұртас бұл шараға шыққаны үшін берілетін 5 миллион теңгеден қағылды деп айта аламын. Оның басқа концерттерінен хабарым жоқ. Кей әншілер той-томалаққа аптасына бір рет барады. Кейбірі дерлік әр қалада өтетін тойларға қатысады", – дейді Рахметов.

Той ұйымдастырушылардың айтуынша, Қайрат Нұртастың гонорары кем дегенде 2,5 миллион теңге. Тұрсынбек Қабатов тойда тостмейстер болып 10-15 мың доллар табады.

Әбдіжаппар Әлқожа бұған дейінгі сұхбатында қаламақы көлемін айтудан бас тартқан еді. 

“Менің қаламақым біреулер үшін аз ғана болса, біреулер үшін бір жылдық жалақы. Төлем сомасын айтпай-ақ қояйын. Өйткені қоғамда адамдардың табыс деңгейі әртүрлі. Алым сомасын айтсам, ол біреуге көп немесе керісінше тым аз болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бұл құпия болып қалсын", – деді әнші. 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты