Қордайда 14 жастағы қызды зорлап, үйінің алдына ессіз күйде тастап кеткен

Аиса Махамбет Редактор
14.07.2024, 16:28
1916
Қордайда 14 жастағы қызды зорлап, үйінің алдына ессіз күйде тастап кеткен vremyan.ru

Жасөспірім Қордай ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің 8-ші сыныбын тәмамдаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысы Қордай ауданында 14 жастағы қыз зорланған. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге зорлық көрсеткендер қамауға алынбаған.

Biz01.KZ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осыдан 15 күн бұрын орын алған оқиғаға құзырлы органдар әлі тиісті назар аудармай келеді. 26 маусымда орын алған оқиғаның генетикалық зерттеу нәтижесі дайын болмай, іс қозғаусыз тұр. Қордай аудандық ішкі істер бөлімі мен прокуратура өкілдері жәбірленушіден алынған талдаманың нәтижесі дайын болмай, күдіктілер қамаққа алынбайды деп отыр.

Өз кінәларын мойындап, болған іске куәлік еткен күдіктілер болса да, олар қамауға алынбаған.

Сондай-ақ, зорлық көрген қыздың анасы тергеу барысында психолог маманның болмағанын және өзін де тергеу барысында «қызыңыз сізден ұялып тұр» деп тысқа шығарып жібергенін, жасөспірімге қысым жасалғанын айтады.

«Күдіктілер қызды алдап-арбау жолымен, яғни, «анаң ұйықтап қалған кезде сыртқа шық, қыдырып келеміз, тағы екі қыз шығады» деп тысқа шығарған. Сөйтіп, көлік жүргізген және сөйлескен жігіттен өзге бір жігіт бар, бәрі аудан орталығы Қордайға барады. Жарты сағаттан аса белгісіз қыздарды күткен олар дүкенге кірген. Сол жерден жігіттердің бірі кола сусынын алып, көлікке келіп қызға құйып берген. Сусынның екі стаканын ішкен соң қыз есін жоғалтқан. Сол кезде жігіттер жаман ойын жүзеге асырған», - деді жәбір көрген қыздың анасы.

Содан кейін қызды ес-түссіз күйде белгісіз уақытта ауласына әкеліп тастаған. Анасы таңғы уақытта қоқыс тастауға шыққан сәтте қызының ессіз жатқанын, киімдерінің бәрі бүлінгенін көрген.

Айта кетейік, зорлық көрген жасөспірім Қордай ауданына қарасты Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің 8-ші сыныбын тәмамдаған. Алайда, мектеп әкімшілігі тарапынан да бұл отбасына қайырылған ешкім болмаған.

Жәбірленуші тарап бұл іс жылы жабылып қалады ма деп алаңдап, ел презиенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, Бас Прокуратура, Сотқа үндеу жасады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды