«Үш ай бұрын жолдасы дүниеден кетті»: Ақбота Керімбекова көпшілікті жылатты

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 18:59
15547
«Үш ай бұрын жолдасы дүниеден кетті»: Ақбота Керімбекова көпшілікті жылатты жеке парақшасынан

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ақбота Керімбекова халыққа ой саларлық жазба жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі оқырмандарына бұл дүниенің жалған екенін тағы бір мәрте еске салды. 

“Иә, ағайын, кеше мен отбасын асыраймын деп жүріп опат болған тағы бір ананың қайғылы қазасын естідім. Өзі 6 балалы екен, осыдан 3 айдай уақыт бұрын ғана жары өмірден озыпты. Жасы енді ғана 45-тен асқан әйел күйеуінің қазасынан кейін де еңсесін тіктеп, 6 баланың қамы үшін тіршілік етіп, маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнды. “Қаланың шетіндегі саяжайда өсіп тұрған жемістерді тегін теріп алса болады” деген жақсы адамдардың хабарламасы бойынша саяжайға барып жеміс-жидек теріп алмақ болады. Алды 22-ге енді толған, кенжесі 2-сынып оқитын бала-шағасына жеміс-жидек теріп алып, үйіне қайтар жолда келе жатқанында көлік қағып, сол жерде-ақ тіл тартпай, жан тәсілім етіпті… Ұрпағым, ұл-қызым, отбасым деп өмір сүретін қайран қазақтың әйелдері-ай, қайран қазақтың аналары-ай!”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі қиындыққа шыдайтын қазақ әйелдерін көпке үлгі етті. 

“Біз бәріміз желі бетіндегі желіккен өмірді ғана көріп жүрміз. Ал көзге көріне бермейтін жерлерде қанша қазақ баласы ашқұрсақ, жетім тағдыр кешіп, қанша қазақ әйелі жесір ғұмыр сүріп, қанша азамат бір күннен екінші күнге әрең жетіп жығылып жүр… Жоғарыдағы оқиғаға қалай жаның жыламайды?!. Бәрін естіп, біліп отырсақ та, айтатынымыз өсек, қуалайтынымыз дау!.. Сүрінген мен бүлінгенді табалап, қателескенді қаралап өтіп жатқан өмір, әйтеуір. Қанша бала қылмысты болса, сонша ана жылайды… Қанша ұрпақ жаза басса, сонша әкенің жігері құм болады… Дүниеде бәрінің орны толады, қате түзеледі, араздықтың түйіні тарқайды, жоғалған табылады, тек, бір ғана нәрсенің орны толмас. Ол – боталаған ананың өкінішінің орны, апалаған баланың зарының жарасы. Барымызды бағалайықшы, ағайын! Ешкім де, ештеңе де мәңгі емес”, – деді эстрада жұлдызы. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды