«Аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын»: мәһрге 20 мың доллар сұраған қалыңдық имамды таңғалдырды

Аиса Махамбет Редактор
19.07.2024, 15:27
2600
«Аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын»: мәһрге 20 мың доллар сұраған қалыңдық имамды таңғалдырды бейнежазбадан алынған кадр

Ол бұл соманы бірнеше қайтара сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде қалыңдықтың мешітте жолдасынан мәһр сұрап жатқан видео пайда болды. Бұл туралы Azattyq-Ruhy жазды.

Имамның «мәһр ретінде қандай неке сыйлығын сұрайсыз?» деген сұрағына қалыңдық акция сұраған.

«20 мың доллар көлеміндегі акция сұраймын», - дейді ол.

Имам «20 мың доллар, мәссаған!» дейді таңданысын жасыра алмай. Содан кейін имам 20 мың долларды теңгеге шақса, неше теңге болатынын, күйеу жігіттен оны беруге шамасы келе ме екенін нақтылайды.

Күйеу жігіт бұл соманы беруге мүмкіндігі бар екенін айтады. 20 мың доллар теңгеге шаққанда 9,4 млн теңге болған. 

Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырған. Кейбіреуі 20 мың доллар қазір түк емес екенін жазса, кейбірі қалыңдықтың асыра сілтегенін сөккен.

«20 мың доллар дегені түк емес деп ойлаймын. Доллар дегенді естіп, шошып отырған болар. Ол қаржыға жақсы көлік немесе жер келе ме? Жігіт неге жылайын деп отыр? Күйеуі қиналып тұр ма? Бақыт ақшада емес. Жігіттің миы қорытпай қалған сияқты», - деп жазған олар.

Қалыңдық оларға жауап ретінде «аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын» деп жауап берген.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді