Түркістанда 13 жасар қыз анасы телефон сатып алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған

20.07.2024, 10:05
1130
Түркістанда 13 жасар қыз анасы телефон сатып алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған полиция департаменті

Жасөспірім бір тәуліктен соң табылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан қаласында анасы ұялы телефон сатып алып бермегені үшін оқушы қыз үйінен кетіп қалған.

Қалалық полиция басқармасына кешкі уақытта жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. 13 жасар жасөспірім қызды анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кіріскен.

Тәртіп сақшылары тәулік ішінде қыздың жүрген жерін анықтап, оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Жас қыз анасына ұялы телефон алып бермегені үшін ренжісіп, үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды. Жасөспірім аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге қала тұрғыны алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына профилактикалық әңгімелесу жүргізілді,-делінген облыстық ПД хабарламасында.   

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды