SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрі техпаспорттар, жүргізуші куәліктері мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа тарифтерін бекітті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөзі мәлімдеді.
Ішкі істер министрі көлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәлігі мен нөмірі бойынша жаңа бағаларды бекітті.
Бұйрыққа сәйкес, құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):
- Жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;
- Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;
- Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 3 923 теңге (жиынтық);
- «ТРАНЗИТ» мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 126 теңге.
RUS