Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовті құттықтап, 100 жылқы атады

29.07.2024, 19:51
2003
Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовті құттықтап, 100 жылқы атады Ludovic Orlando

Ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке телефон шалып құттықтап, ауылға шақырды. Ол чемпионға 100 жылқы атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақтөбелік кәсіпкер Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиаданы отбасы болып тамашалап, Елдос Сметовке жанкүйерлік етті. Бұған дейін қола, күміс медаль таққан дзюдошының бұл жолы чемпион атанатынына сенді. Бұл туралы Kazinform жазды.

 
Ануар Маханов
Фото: Ануар Маханов

— Өзім спорт жанкүйерімін, Олимпиадаларды үзбей қараймын. Елдос осы жазғы Олимпиадада бірінші орын алады деп үміттендім. Үміт ақталды. Өзім Елдос Сметовтің телефон нөмірін тауып алып, хабарластым, ауылға келуін сұрадым. Оған 100 жылқы атаған жайым бар. Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылына апарамын. Олимпиада чемпионын ауыл балаларының да көргенін қалаймын. Чемпиондар ауылдан шығады. Мен дзюдошыны жүзбе-жүз танымасам да оның жетістіктерін білемін. Әрі Олимпиаданың алғашқы күні-ақ елді қуантты. Бүкіл қазақты дүр сілкіндірді. Ол әрдайым ағалары бар екенін біліп жүрсе деймін. Спорттан қол үзбей, өзің секілді чемпион тәрбиеле деп бұйымтайымды айттым, — деді кәсіпкер Ануар Маханов.

Айта кетейік, кәсіпкер Жем бойында қазақы жабы тұқымды жылқы шаруашылығын дамытып отыр. Чемпионға атағаны да асыл тұқымды жылқы.

— Менің бағып отырған жылқым менікі емес, елдің қуанышына, жақсылығына арналған. Өзім ауылдағы спорт мектебіндегі үйірмеге қатысып, жеңімпаз болып жүрген балаларды да қолдап отырамын. Марқұм әкем Ақмырза Маханов та 1976 жылы еркін күрестен Кеңес одағының чемпионы болған. Балаларым да спортқы қызығады. Үлкені футболшы болуды армандайды, — деді кәсіпкер.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды